in

Бұршақ аралас нөсер жауын: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері бірқатар өңірде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 12-14 шілдеде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Солтүстік пен шығыс облыстарда бұршақ аралас нөсер жауын жауып, дауыл соғады. 

12 шілде күні еліміздің батысында ауа температурасы +35+39°С-қа жетіп,  кей аудандарда +40+42°С-қа дейін жетеді. 

12-13 шілдеде оңтүстік-батыста ауа температурасы +39+44°С, ал 14 шілдеде +38+42°С ыстық болады. Бұл күні солтүстік өңірлерде ауа температурасы +15+23°С шамасында болады. 

Шығыста+22+30°С, оңтүстікте +40+43°С, ал оңтүстік-шығыста +35+38°С-қа дейін жетеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.