in

Бұршақ, дауыл, қатты жаңбыр: Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

7 сәуір, сейсенбіде еліміздің бірқатар бөлігінде күн бұзылуы мүмкін. Бұл турады "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 07-08 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 07 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Алматыда жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қонаевта жоғары өрт қауіпі күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 07 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жезқазғанда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы бірінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертен тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

2026 жылдың 06-10 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының биіктігінің жоғары болуына және жылымықтың аясында жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.