in

Бұрынғы министрлердің жеке дерегі әлеуметтік желіге тарап кеткен

Financial Times басылымының хабарламасына сүйенген Aikyn.kz әуежайға жасалған шабуылдың киберқауіпсіздікке қандай қатысы болғанын түсіндіреді.

Үкімет жеке деректердің желіге таралуы адамдардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірмейтінін айтады. Фото uk.linkedin.com сайтынан алынды. Авторлығы: Inflite компаниясының аккаунты

Кибер шабуыл британдық Қорғаныс министрлігі мен үкіметтің деректерді қорғауға бақылауды күшейтуге түрткі болған. Қаскөйлер бұл жолы вирус-шифраторды (ransomware) қолданған және Ұлыбритания үкіметіне Стэнстед (Stansted) әуежайында ұшу қызметтерін көрсететін Inflite компаниясын нысанаға алған.

Ауған босқындарын Ұлыбританияға көшіру бағдарламасына қатысты аты-жөні, туған күні, төлқұжат нөмірлері, босқын ID-нөмірлері секілді мәліметтер тарап кеткен. Сондай-ақ 2023 жылдың қаңтарынан наурызына дейін әуежайды пайдаланған бұрынғы министрлер мен әскери қызметкерлер де зардап шеккен.

Қорғаныс министрлігінің өкілі жұма күні (15 тамыз) 3500-ден астам адамға электронды хат жіберілгенін, оның ішінде шамамен 100 британ азаматы бар екенін хабарлады. Үкімет өкілі:

«Бұл оқиға адамдардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірмейді және мемлекеттік жүйелердің жұмысына кедергі келтірмейді. Біз деректердің қауіпсіздігін өте маңызды деп санаймыз және ықтимал зардап шеккен барлық тұлғаларға хабарлап, заң талаптарынан да артық шара қабылдап жатырмыз», – деген мәлімдеме таратқан.

Inflite Ұлттық киберқауіпсіздік орталығымен (NCSC) бірге жұмыс істеп жатқанын жария етті. Фото nyscas.touro.edu сайтынан алынды

Inflite компаниясы 10 тамызда желіге тарап кеткенін мойындаған. Бұл туралы Ақпарат комиссарының басқармасына жеткізіп, Ұлттық қылмысқа қарсы агенттікпен (NCA) және Ұлттық киберқауіпсіздік орталығымен (NCSC) бірге жұмыс істеп жатқанын жария етті.

Times басылымының хабарлауынша, зардап шеккендерге жіберілген электрондық хатта «кез келген күмәнді хабарламаға немесе күтпеген әрекетке мұқият болу» ұсынылған.

Ресми өкілдер Inflite таратқан тізімдегі барлық ауған азаматтары Ұлыбританияда екенін растаған. Либерал-демократтар бұл жағдайға байланысты дереу тергеу жүргізуді талап етіп, Үкіметті «таңғаларлықтай біліксіздік пен қауіпсіздік стандарттарының жеткіліксіздігі» үшін сынға алған.

«Бізге бұл бұзушылықтардың қалай орын алғанын анықтау үшін толықтай тәуелсіз тергеу қажет», – дейді Либерал-демократтар партиясының қорғаныс мәселелері жөніндегі өкілі Хелен Магуайр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.