in

Димаш Құдайбергеннің челленджіне әскерилер қатысты

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Димаш Құдайбергеннің шығармашылық челленджіне қатысты.

Челлендж барысында Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әніне бейнеролик түсірілген, –  деп хабарлады kursiv.media.

«Әскери қызметшілер саптық дайындық пен заманауи хореография элементтері үйлескен әсерлі би орындады. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бұл челлендж аясындағы өнері тың әрі әсерлі форматымен ерекшеленді», – делінген  Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Осыдан бір ай бұрын әншінің  «Тау ішінде» әнінің бейнебаны шықты. Содан бері бұл ән трендке айналап, әлеуметтік желіде бейнеролик түсіретіндер көбейген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.