in

Иранда ер адам алып акуланың үстіне секіріп мінді

Иранның Абадан қаласының жағалауында ер адам кит акуланың арқасына мініп алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz  MADENIPORTAL.KZ-ке  сілтеме жасап.

Жарияланған бейнежазбада ер адамның суға секіріп, акуланың жүзбе қанатын ұстап, оның арқасына шығып алғаны көрінеді. Кадрларда ол алып балықтың үстінде тұрып секіре бастаған сәттері де бар.

Акула агрессия көрсетпеген. Біраз уақыттан кейін ер адам тепе-теңдігін жоғалтып, қайтадан балықтың үстіне отырып, қолын бұлғауды жалғастырған, содан соң ол (акула) жүзіп кеткен.

Бұл оқиға Парсы шығанағындағы бұрғылау платформасының жанында болған.

Зерттеушілердің айтуынша, кит акуласы жыртқышқа жатпайды. Ол негізінен планктонмен, ұсақ балықтармен, кальмарлармен, шаянтәрізділермен және тіпті балдырлармен қоректенеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.