in

«Мама, мен кісі өлтіріп қойдым» деді: Талғардағы қанды қылмыстағы күдіктінің анасы сұхбат берді (видео)

Талғардағы қанды қылмыста басты күдікті болып танылған Еламан  Айгазиновтің анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

6 қыркүйек күні күдікті 30 жастағы ер-азаматты өлтіріп, марқұмның жиенін тұтқынға алған. Белгілі болғандай, ол үйге жалғыз өзі емес, кәмелетке толмаған екі баламен барған.  Қылмысқа қатысы бар деген дерекпен полиция кәмелетке толмаған екі баланы да ұстады. Қазір үш күдікті изоляторда.

Белгілі болғандай, күдікті анасына хабарласып, қылмыс жасағанын айтқан.

«Мама, мен кісі өлтіріп қойдым, алып кетші» деді. «Неге олай істедің?» деп едім, «Мама үш күннің ішінде Талғардан кетпесеңдер, шешеңді бауыздап кетемін» деп айтты. Мен қалай шыдаймын? Шыдамадым» деді. Еламан көлік жөндеумен айналысады. Интимді суреттерді туыстарына жібергені рас. Ол да ана, мен де анамын. Әркім өз баласын ойлайды», –  дейді анасы.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.