in

Мамырдағы мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

"Азаматтарға арналған үкімет" мамыр айындағы мереке күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтінін мәлім етті, деп хабарлайды astana24.com.

Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 1, 7, 9 мамыр күндері барлық ХҚКО мен МХҚКО-лар, сондай-ақ кезекші орталықтар жұмыс істемейді.

2 және 11 мамыр тек кезекші орталықтар үшін жұмыс күні саналады. Бұл күндері қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.