«Ұстаз» ұлттық платформасы жаппай қолданысқа енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Бүгінде мектепке дейінгі, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 640 мыңнан астам педагог жеке кабинет ашып, тіркелген. Қазірдің өзінде 95 мыңнан астам мұғалім кәсіби деңгейін дәлелдеуде, ал 40 мыңға жуық педагогтың өтініші бойынша шешім шығарылған.
Платформаның басты ерекшелігі – бағалау процесі әділ және ашық жүргізіледі. Деңгей тек комиссия емес, автоматтандырылған жүйе арқылы анықталады.
Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл ұстаздарды біліктілігін үнемі арттырып отыруға ынталандырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.