Елордадағы Назарбаев университетінде болған студент қыздың өлімін полиция тексеріп жатыр. Бұл туралы Kazinform жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.
“24 жастағы қыздың мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деген хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ университет пен марқұмның туыстары жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға шақырады. Жақындары бұл қайғылы жағдайды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлік топтарда жарияламауды сұрап отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.