Павлодар облысында 9 ауылда ұялы байланыс жоқ, себебі халық саны аз болғандықтан, байланыс компаниялары ұялы байланыс желілерін орнатуға құлықсыздық танытыпты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Оның үстіне кейбір байланыс компаниялары тиісті міндеттемелерін орындамаған. Соның кесірінен тағы 2 ауыл байланыссыз қалды.
"Май ауданындағы, Саты және Успен ауданындағы Таволжан ауылдарын сапалы ұялы байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі лицензиялық міндеттемелерін орындамаған. Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс жолданды", – дейді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ердос Жүсіпов.
