«Сұлтан Сүлеймен» фильмінде Рүстем пашаны сомдаған түрік актері Озан Гювен бұрынғы сүйіктісін соққыға жыққаны үшін істі болды, – деп хабарлайды todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Тұрмыстағы жанжал 2020 жылы басталған. Озанның бұрынғы ғашығы Дениз Болуцуз жігітінің зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып, сотқа берген. Алайда актер бәрін жоққа шығарып, қыздың өзі бірінші болып агрессия танытып, оған шабуыл жасағанын мәлімдеді. Денизге «шабуыл жасады және жала жапты» деп айыптап, моральдық шығын үшін өтемақы төлеуді талап етті.
Сот куәгерлердің сөздерін зерттеп, Булуцузға психологиялық сараптама жүргізгеннен кейін Озан кінәлі деп танылды. Сот оның барлық қарсы талаптарын қанағаттандырған жоқ. Дениз Болуцуз бұрынғы сүйіктісін 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Кино жұлдызы «Қорлау» және «зорлық пен қорқыту бойынша бас бостандығынан айыру» бабымен кінәлі деп танылды. Нәтижесінде актер 2 жыл 3 айға сотталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.