in

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Риддер қаласында жалпы қалалық сенбілік өтті

Сенбілікке 3 000-нан астам қала тұрғыны, кәсіпкерлер, ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысты, деп хабарлады Риддер қаласының әкімдігі.

Сенбілік барысында қоғамдық аумақтар, көшелер мен аулалар тазаланып, 5 тоннадан астам қоқыс жиналды. Сонымен қатар 100-ден астам көшет отырғызылды.

Риддерліктер бірлесіп, қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Осындай игі шаралар тұрғындарды біріктіріп, Риддер қаласының таза, жайлы әрі көрікті болуына ықпал етеді.