«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық банкпе, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырды», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, құжат экономиканы дамытудың негізгі бағыттарын қамтиды. Олардың қатарында халықтың табысын қолдау, сапалы өсуді қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты ынталандыру, экономиканы цифрландыру және ЖИ дамыту, инвестициялық және тарифтік саясатты жетілдіру, инфляция мен экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту шаралары бар.
Сонымен қатар бағдарлама ақша-несие саясаты, қаржы секторын дамыту және бағаны реттеу бойынша блоктарды қамтиды.
