in

Шегірткемен күрес: егіс алқабының 90% химиялық өңдеуден өтті

Бүгінде егіс алқабының 90%-і химиялық өңдеуден өтті. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен республикалық штаб отырысында айтылды.

Түркістан және Жамбыл облыстарында марокколық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды. 15 өңірде италиялық прусқа және 8 өңірде азиялық шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасып жатыр. Қытай мен Қырғызстаннан төнер қауіп жоқ. Алайда Ресей және Өзбекстанмен шекаралас аймақтарды тексеру күшейтілді. Ошақтары әзірге анықталған жоқ.

Бұған дейін Қазақстанда 1,8 млн гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілгенін жазған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.