ШҚО-да Тарбағатай ауданы ТЖБ аға инженері Архат Нигмашев телевизиялық мұнараның басына шығып кеткен екі баланы байқап қалды. Биіктен өздігінен түсе алмай қалған балаларды ТЖМ қызметкері мен полиция қызметкері түсіріп алды, деп хабарлайды astana24.com ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында болған. Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Диас Жұмаділов те келді. Архат Нигмашев мұнараға көтеріліп, балаларды төменге түсірді.
Құтқару жұмыстары кезінде полиция қызметкері көмек көрсетті. Қызметкерлердің үйлесімді іс қимылының арқасында жазатайым оқиғаның алды алынды.
ТЖМ ата аналарға балалардың қайда жүргенін үнемі бақылап, оларға қараусыз қалған құрылыстар мен қауіпті нысандарға барудың қауіпті екенін түсіндіру қажеттігін еске салады.
