in

ШҚО-дағы екі ауылда улы жылан қаптады

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылда улы жылан қаптады. Мамандар жергілікті тұрғындардан келіп түскен хабарламаларды растады, деп хабарлайды Устинка LIVE басылымына сілтеме жасаған astana24.com.

ШҚО-дағы Теректі және Некрасовка ауылдары тұрғындары Қарабұйрат орманшылығы маңында улы жыландар пайда болғанын хабарлаған. Мамандар Тарбағатай қорығын тексеріп, бұл ақпаратты растап отыр.

Зоолог мамандардың деректері бойынша, бауырмен жорғалаушылар топырақтың қатты қызуы салдарынан белсенді бола бастаған. Бұл маңда сұр жыландар мен қалқан тұмсық жыландар мекендейді. Олар улы және адамға қауіп төндіреді.

Әзірге тұрғындардыың ешбірі жылан шағып алғанын айтып, шағымданбаған. Мамандардың айтуынша, ауа райы қалпына келген кезде олар ініне қайта кіруі керек.