"ҚазАвтоЖол" мамандары Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жүргізушілеріне үндеу жасап, ауа райына байланысты жолда абай болуды ескертті, деп хабарлайды astana24.com.
"ҚазАвтоЖол" компаниясы 2 қарашаға арналған болжамды жариялады.
Компания өкілдерінің мәліметінше, бүгін Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі.
Осыған байланысты мамандар республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін екенін ескертті.
"Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, республикалық автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы ақпарат алу үшін 1403 желісіне хабарласуға болады.
