Ұлттық тестілеу орталығы ҚР азаматтығын алу үшін тестілеуге өтініш қабылдау қашан басталатынын мәлім етті, сондай-ақ емтихан өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды astana24.com.
Орталықтың мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 10-20 тамыз аралығында өтеді.
Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 22 тамызда өтеді. Тестілеу үш бөлімнен тұрады:
"Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 50. Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі", – делінген хабарламада.
