Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі “Ашық НҚА” порталында бір қолға SIM-карта сату мәселесін көтерген жобаны жариялады.
“Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудағы басты мақсат биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу арқылы құқық бұзушылықтарды азайту, оператордың бір жеке тұлғаға 10-нан астам нөмір алу қажеттілігі туралы растауды сұрату құқығын қамтамасыз ету”, – дейді жобадан күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері туралы министрлік өкілдері.
Министрлік не ұсынды:
-операторлар ұялы байланыс абонентіне оннан астам нөмірді ресімдеу;
-абоненттік нөмірді биометриялық идентификациядан өткізу арқылы ресімдеу; – алаяқтық белгілері бар күдікті SMS-хабарламалар және (немесе) қоңыраулар туралы өтініштерді қабылдау;
-ұялы байланыс операторларының Ұлттық Банктің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы.
Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ұсынылған өзгеріс ұялы байланыс арқылы қылмыс жасау жағдайларын азайтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.