in

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда сотталғандарға химиялық кастрацияны қолдану ережесіне өзгерістер енгізілмек,  – деп хабарлайды Аikyn.kz Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап.

Жаңа бұйрық жобасына сәйкес, сексуал сипаттағы қылмыс жасаған сотталғандарға химиялық кастрация бостандыққа шығардан алты ай бұрын тағайындалады.

Бұл ретте сотталған адамның психикалық ауытқулары мен сексуал зорлыққа бейімділігін анықтау үшін босатылуына 12 ай қалғанда сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы материалдар сотқа жіберілуге тиіс.

Бұйрық жобасы нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды және 2025 жылғы 18 тамызға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.

Еске салайық, Қазақстанда педофилдерге қолданылатын 8 жылдық әкімшілік бақылаудың орнына өмір бойғы бақылау енгізу ұсынылған. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, рецидив қаупі болса, бұл бақылау әр алты ай сайын сот шешімімен ұзартылып отырады.

Мұндай бақылау аясында келесі шектеулер қарастырылған:

Бұл шара балаларды қорғау және қайталап жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында қолға алынып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.