in

Қазақстанда пойыз билеттері арзандады

1 қазаннан бастап пойыз жолаушылары билеттерді 10 пайыз арзан бағамен сатып ала алады. Жеңілдік желтоқсанның соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды astana24.com ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойызымен жол жүру құнын төмендетті. Акция 1 қазан мен 2026 жылғы 31 желтоқсан аралығында жүреді.

"1 қазаннан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жол жүру ақысы 10 пайыз төмендейді.

Жеңілдік Ұлттық тасымалдаушы пойыздарының барлық типтегі вагонына, сондай-ақ қала маңы пойыздарына арналған. Осылайше жолаушылар күзгі-қысқы кезеңдегі сапары үшін билеттерді арзан бағамен сатып ала алады.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады", – делінген ұлттық тасымалдаушының хабарламасында.