Ақтауда магистральдық құбырдағы жөндеу жұмыстарына байланысты жаздың соңына дейін ыстық су болмайды, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған astana24.com.
Басылымның жазуынша, "МАЭК" ЖШС Ақтау тұрғындарына магистральдық құбырдағы жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты ыстық су беру мерзімі тағы кейінге шегерілгенін ескерткен.
"Құрметті қала тұрғындары! Магистральдық құбырдағы жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты ыстық су беру мерзімі тамыз айының соңына шегерілді", – деп хабарлады энергетикалық комбинаттың баспасөз қызметі.
Аймақтық басылым атап өткендей, қалада ыстық су беру 27 маусымда сағат 10:00-ден бастап толығымен тоқтатылған.
Ыстық су 12 шілде сағат 00:00-ге дейін берілуі тиіс болатын. Алайда кейінірек жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімі 1 тамызға дейін ұзартылған.
