in

Қазақстанның қай өңірінде бала көп: статистика

Қазақстанның қай өңірінде бала көп? 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қызықты статистика жарияланды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған astana24.com.

Ұлттық бюроның мәліметінше, 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады, бұл республика халқының жалпы санының – 33,6 пайызы.

Балалардың 62,3 пайызы қалалық жерде, ал 37,7 пайызы ауылдық жерде тұрады. Ұл балалардың үлесі – 51,4 пайыз, қыз балалардың үлесі – 48,6 пайыз.

Балалардың ең көп саны республиканың үш өңірінде тіркелген. Олар: Түркістан облысы, Алматы қаласы және Алматы облысы.

Түркістан облысында 910,4 мың (13,2 пайыз), Алматы қаласында 688,9 мың (10 пайыз) және Алматы облысында 572,3 мың (8,3 пайыз) бала бар.

Кейінгі 5 жылда балалар саны 4,4 пайызға артқан.