in

Қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл: 30 сәуірде ел өңірлерінде ауа райы қандай болады

Синоптиктер 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК дерегінше, бейсенбіде еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болады, деп хабарлайды astana24.com.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың орталығында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі.

Ақтөбеде күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылордада жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.