ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2026 жылғы 12 наурыз сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Ақтөбе облысы:
– «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 89-234 шақырым аралығы (Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Қостанай облысы:
– «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-455 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Тобол ауылы).
Жолды 2026 жылғы 13 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
