ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына шектеу қоюға қатысты ақпарат таратты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– 3 қазан сағат 01:30-да Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-66 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, – делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.