Израиль соңғы 48 сағат ішінде АҚШ-тан Ирандағы ядролық нысандарға бірлесіп соққы беру туралы көмек сұраған екен.
Бұл жайлы Trthaber порталы Axios сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Олардың мәліметінше, Израиль әсіресе Фордо қаласындағы жерасты уран байыту зауытына шабуыл жасау үшін қажет бункер бұзғыш бомбалар мен ауыр бомбалаушы ұшақтардың жоқтығын алға тартқан.
Алайда АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың әкімшілігі бұл ұсынысты қабылдамай, Иранға шабуыл АҚШ-ты тікелей соғысқа тартуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірген екен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз