Кейінгі аптада Еуропада аптап ыстықтан 1300-ден астам адам қайтыс болған. Бұл туралы ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com.
Оның айтуынша, Еуропа – жер бетіндегі ең жылдам жылынып жатқан континент, мұндағы температураның көтерілу қарқыны жаһандық орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Қазір 150 миллион адам аптап ыстықтың зардабын тартып жатыр, жүздеген адам көз жұмған, мектептер жабылған.
21 маусымнан бері аптап ыстықтың салдарынан тағы 1300-ден астам қайтыс болған.
"Еуропалық үйлер, жұмыс орындары және мектептер мұндай жоғары температураға есептеліп салынбаған.
ДДСҰ ұйымға мүше мемлекеттермен және серіктестерімен бірлесіп, экстремалды ыстықтан туындаған денсаулыққа қатысты мәселелерді шешу үшін дайындыққа, алдын алуға және денсаулық сақтау жүйесіндегі шараларды күшейтуге баса назар аудара отырып жұмыс істеп жатыр", – деп жазды Тедрос Адханом Гебрейесус.
