in

Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: шығын көлемі 9,6 млрд долларға бағаланды

Колумбия билігі 10 тамызда ел аумағында болған жер сілкінісінен келген материалдық шығынды бағалады, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприэлья 10 тамызда болған жойқын жер сілкінісінен елге келген тікелей шығын көлемі 9,6 миллиард долларға бағаланғанын мәлімдеді.

"Чоко, Валье-дель-Каука, Рисаральда, Киндио және Кальдас өңірлеріндегі тікелей материалдық шығын 30 триллион песоға жуықтайды. Оның 24,5 триллионы (7,8 млрд доллар) ғимараттарға, ал 5,5 триллионы (1,8 млрд доллар) инфрақұрылымға тиесілі. Бұл – алдын ала есептелген көрсеткіштер", – деді ол өз үндеуінде.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі салдарынан 289 адам қаза тапқан.

Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4-ке тең жойқын жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан сол күні кешке қарай 30 адамның қаза тапқаны хабарланды.

12 тамызда елде төтенше жағдай жарияланды.

Өткен аптада ел президенті жер сілкінісі салдарынан 265 адам қаза болғанын мәлімдеген еді.