Скандинавия елдері өмірге қанағат ету бойынша жүргізілген сауалнамада үнемі алдыңғы орындарда тұрады. Бұл елдердің халқы бақытты болуды қалай меңгерген? Неліктен олар өздерін ең бақытты халық деп есептейді? Бұл туралы Aikyn.kz сайты euronews-тегі материалға сүйене отырып жазады.
Скандинавия елдері үнемі әлемдегі ең бақытты елдер рейтиң інде көш бастап келеді. 2023 жылы Финляндия бұл тізімде қатарынан жетінші рет бірінші орынға шықты. Одан кейін Дания мен Исландия тұр . Бірақ осы жерде маңызды бір сұрақ бар: олардың бақыты неге осыншалық тұрақты?
Кейбіреулер бұл олардың шағын, біртекті әрі бай ел болғанының арқасы деп санайды. Бірнеше жыл бұрын бір зерттеу тіпті олардың генетикалық тұрғыдан бақытқа бейім екенін де ұсынған.
Бірақ World Happiness Report (WHR) баяндамасы мұндай теориялардың нақты дәлелі жоқ екенін көрсетеді. Алдымен мұндағы қаржылық мәселег е тоқталайық.
Иә, Скандинавия елдерінің барлығы дерлік салыстырмалы түрде бай әрі бақытты. Бірақ жалпы барлық бай ел бақытты деуге негіз жоқ . Мысалы, әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі Сингапур тек 26-орынды иеленсе, мұнайға бай Сауд Арабиясы 27-орында тұр. Бұл жерде Скандинавия елдерінің табыс теңсіздігі деңгейінің өте төмен екеніне назар аударған жөн. Дегенмен зерттеушілер оның бақыт деңгейімен тікелей байланысы барын дәлелдей алмады. Бірақ табыс теңсіздігі сенімсіздікке алып келсе, бұл өмірге қанағат етуді төмендететіні дәлелденген. Қарапайым тілмен айтқанда, адамдар өзін алданғандай сезінуд і ұнатпайды.
Генетикалық бейімділікке келейік. Егер «бақытты болудың себебі генетикалық бейімділік пе?» деген сұраққа « иә» деп жауап берсек те, ол тек жалпы көріністің үштен бірін ғана түсіндіреді.
Ғылым көп жылдан бері адамның өмірге қанағаттануына генетиканың ықпалы бар екенін көрсетіп келеді. Сондықтан б ұл бақыттың « биомаркерлері» деп аталады.
Бірақ зерттеулер көрсеткендей, адамдар арасындағы бақыт деңгейіндегі айырмашылықтың 60-70%-ы қоршаған орта факторларымен, ал тек 30-40%-ы генетикамен байланысты.
Ендеше олардың бақытты болуы « шағын әрі біртекті» ел болуында ма?
World Happiness Report авторлары ел халқының саны мен өмірге қанағаттануы арасында ешқандай байланыс таба алмағанын айтады.
Сонымен қатар Скандинавия елдері мүлдем біртекті емес. Мысалы, Финляндия халқының шамамен 8%-ын, Данияда да шамамен 8%-ын шетелдіктер құрайды. Бұл Франция сияқты елдермен салыстырғанда аса үлкен айырмашылық емес (Францияда иммигранттар халықтың 10%-ын құрайды).
2023 жылғы есепте көрсетілгендей, әлемдегі ең бақытты он елде иммигранттар орта есеппен халықтың 17,2%-ын құрайды. Бұл тіпті әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары.
Басқа зерттеулер көрсеткендей, егер мемлекеттік институттар сапалы болса, этникалық алуандылықтың әлеуметтік сенімге ықпалы, елеусіз болады. Бұл бізді скандинавиялық бақыттың басты факторына, яғни сенім деңгейінің жоғарылығына алып келеді.
Бақыт мәселесін 25 жыл бойы зерттеп келе жатқан профессор Джон Хелливеллден «басқа елдер де скандинавиялық бақытқа жете ала ма?» деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді:
«Қарапайым жауап – алты негізгі көрсеткіш бойынша жақсы болу», – деп әзілдейді ол.
Бұл алты көрсеткіш: жан басына шаққандағы ЖІӨ, әлеуметтік қолдау, дені сау өмір сүру ұзақтығы, еркіндік, жомарттық пен жемқорлық деңгейі.
«Бірақ скандинавиялық елдер шын мәнінде сенім мен қайырымдылық деңгейі бойынша ерекше. Бұл тек ресми мекемелерде ғана емес, жеке қарым-қатынастарда да байқалады», – дейді Хелливелл.
Олардың бәрі бірдей бақытты ма?
2023 жылы World Happiness Report алғаш рет халықтың ең бақытты және ең аз бақытты бөлігінің арасындағы айырмашылықты бағалады. Жоғары рейтинг бақыт деңгейіндегі теңсіздіктің аз екенін білдіреді.
Скандинавия елдері бұл көрсеткіш бойынша да жоғары орындарда. Демек осы елдерде өмірге қанағаттануд ағы теңсіздік жоқтың қасы, яғни ел тұрғындарының көб і өзін бақытты санайды.
« Адамдар бақыт деңгейіндегі айырмашылығы аз елдерде өмір сүргенде бақыттырақ болады. Ал бұл айырмашылық қай елдерде аз? Әрине, ең бақытты елдерде» , – деді Хелливелл Euronews Next-ке берген сұхбатында.
Мәселен , Ауғанстан 2023 жылы бақыт деңгейіндегі айырмашылық ең аз елдердің бірі болды. Бірақ ең жаман себеппен. Себебі бұл елде барлығы дерлік – бақытсыз.
2024 жылғы есеп бойынша Ауғанстан – әлі де әлемдегі ең бақытсыз ел. Рейтиңде143-орында тұр.
Мемлекеттік институттардың сапасы мен мемлекеттің «жомарттығы»
Бұл факторлар өмірге қанағат етуде үлкен оң әсер етеді. Жемқорлықты қабылдау индексі тіпті елдің бақыт деңгейіндегі орнын болжай алады.
Адамдар мемлекеттік қызмет сапалы болған елдерде өміріне риза болады. Бұған жақсы зейнетақы, бала күтіміне байланысты берілетін жақсы демалыс, ауру мен мүгедек адамдарды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мен білім берудің тегін болуы, жоғары жәрдемақы кіреді.
Мемлекеттік мекемелер теңсіздік деңгейін төмен деңгейде ұстай алған жағдайда, адамдар оларды сеніммен қабылдайды әрі бақытты болады.
Сенімнің маңызы
Сенімнің маңызын дәлелдеу үшін арнаул ы бір тәжірибе жасалған.
Адамдардан «әмиянын жоғалтқан жағдайда оны қайтара ма?» деп сұраған.
Содан кейін зерттеушілер бұл сенім деңгейін өмірге қанағаттану бағасымен салыстырған. Нәтижесінде, « әмиянын қайтарады» деп сенетіндер өз өмірін 0-ден 10 шкала бойынша бір балл жоғары бағалаған.
Яғни, сенім – бақыттың ажырамас бөлігі.
Reader’s Digest компаниясы 2021 жылы дәл осындай тәжірибені әлем бойынша өткізген. Қай қалада ең көп әмиян қайтарылған деп ойлайсыз? Әрине, Хельсинкиде.
World Happiness Report баяндамасы негізінен Gallup сауалнамасына сүйенеді. Онда адамдардан өз өмірін 0-ден 10-ға дейінгі шкалада бағалау сұралады (10 – ең жақсы, 0 – ең нашар өмір).
Либералды құндылықтар да маңызды. Бұған п рогрессивті салық салу мен өмір жолын таңдаудағы еркіндік жатады.
Сонымен қайтадан ақша тақырыбына оралсақ. Зерттеушілер прогрессивті салық салу мен бақыт деңгейі арасында тығыз байланыс бар екенін анықтаған.
Прогрессивті салық жүйесі – табыс өскен сайын салынатын салықтың да артуы. Соның арқасында денсаулық сақтау, білім беру мен қоғамдық көлік сияқты қоғамдық игіліктерді қаржыландырады. Бұл – адамдарды бір сенімге алып келетін жүйе. Адамдар ақшаның тиімді пайдаланылатынына сенеді.
Тең қоғамдарда адамдар бір-біріне көбірек сенеді. Ал әлеуметтік сенім жақсы институттарды құруға көмектеседі.
Ал Скандинавияда суицид деңгейі жоғары емес пе?
Позитив эмоциялар таралуы бойынша, World Happiness Report баяндамаларында Латын Америкасы елдері көш бастайды. Бірақ олар бақыт рейтингінің алғашқы жиырмалығына да енбейді.
Скандинавия елдері ең бақытты ел саналатыны рас , бірақ бұл оларда жағымды эмоциялар ең көп дегенді білдірмейді. Бұл елдер тарихи тұрғыдан суицид деңгейі жоғары елдер ретінде танымал. Мысалы, 1990 жылы Финляндияда суицид деңгейі соншалық жоғары болғандықтан, онда әлемдегі алғашқы алдын алу стратегиясын енгізді.
Қазіргі таңда бұл салада айтарлықтай оң өзгерістер бар, дегенмен Финляндия жастар арасындағы суицид деңгейі бойынша төртінші орында тұр.