in

Ницца екі күн қатарынан жарықсыз қалды. Билік қасақана әрекет дейді

Францияның оңтүстігіндегі Ницца қаласында жексенбіге қараған түні қосалқы стансада өрт шығып, кемінде 45 мың үй электр қуатынсыз қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

BBC жазуынша, бұл – екі күн ішінде Ривьерада тіркелген екінші ірі жарық өшу оқиғасы. Бұған дейін, сенбі күні Канн қаласында да жарық өшіп, шамамен 160 мың тұрғынға әсер еткен. Бұл кезде атақты аттас кинофестиваль өтіп жатқан еді.

Ницца билігі бұл жағдайды қасақана жасалған әрекет деп болжайды. Полиция оқиға орнынан көлік дөңгелегінің іздерін тауып, станса есігінің бұзылғанын хабарлады. Қаланың трамвай желісі мен Ницца әуежайы да уақытша тоқтап қалған. Электр қуаты таңертең қайта қалпына келтірілді.

Ницца мэрі Кристиан Эстрози бұл әрекетті “елге қарсы қасақана жасалған шабуыл” деп бағалап, барлық электростансаларға қауіпсіздік шараларын күшейтетінін айтты. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз