Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қытайлық CITIC Group корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кешегі кездесуде аталған экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.
Жоғары технологиялық сектор, логистикалық инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағдарлана отырып, инвестициялық өзара іс-қимылға және Қазақстанда жаңа бірлескен жобаларды іске қосуға ерекше назар аударылды.
CITIC Group – Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жұмысын бастаған ірі қытайлық инвесторлардың қатарында. Компания «Қаражанбасмұнай» АҚ, Caspi Bitum бірлескен кәсіпорны және Altyn Bank АҚ сынды жобаларды жүзеге асырды.