in

Трамп Тегеранға жасалған соққыдан кадрлар жариялап, әскери басшылардың көзі жойылғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп TruthSocial әлеуметтік желісінде түнде Иран астанасына жасалған шабуылдардың кадрларын жариялап, әскери басшылардың көзі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com.

"Тегеранға жасалған бұл ауқымды соққы салдарынан көптеген басшы секілді Иранның нашар әрі жөнсіз басқарған көптеген әскери көшбасшысының көзі жойылды!" – деп жазды Ақ үй басшысы.

Айта кетейік, Трамп бұған дейін Тегеранға Ормуз бұғазын ашу үшін берілген 10 күннің 48 сағаттан кейін аяқталатынын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ ол Ирандағы азаматтық инфрақұрылымға тағы соққы жасайтынын айтып қорқытып, келісімге келуді тағы да талап еткен болатын.