Уругвайда төтенше жағдай болып, екі шағын ұшақ жаттығу кезінде әуеде соқтығысты, деп хабарлайды РБК.
Жергілікті Subrayado басылымының хабарлауынша, ұшақтар Канелонес департаментіндегі Гуасувира ауданында 28 қазанда болған. Пилоттар әуеде жаттығу жасаған.
Соқтығысқаннан кейін ұшақтардың бірі Green аэродромына шұғыл қонған. Екіншісі орманды алқапқа, аэродромнан шамамен 2 км жерге құлаған.
Апат салдарынан ұшқыштардың бірі – Уругвайдың 58 жастағы бұрынғы әскери қызметкері, Rihn DR-109 ұшағын басқарған ер адам көз жұмды. Ол Green аэродромының негізін қалаған.
Екінші ұшақтың ұшқышы, 32 жастағы ер адам зардап шекпеді.
