Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Инфекция Конгодағы гуманитарлық миссиядан оралған дәрігерден анықталды, деп хабарлайды astana24.com Minval.az-ға сілтеме жасап.
Франция Эбола вирусының алғашқы жағдайын растады. Жақында Конгоға гуманитарлық миссияға барып келген дәрігер қауіпті инфекцияға тест тапсырған, ол оң нәтиже берді.
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
"Диагноз расталғаннан кейін науқас дереу оқшауланды. Мамандар қазіргі уақытта науқаспен байланыста болды деген адамдарды анықтап, медициналық бақылау жүргізуде", – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Франция және жалпы Еуропа халқы арасында инфекцияның таралу қаупі қазіргі уақытта төмен деп бағаланады.
Бұл жағдай Орталық Африкада ауру өршіген кезде анықталған.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақта Эбола вирусының таралуына байланысты төтенше жағдай жариялаған еді.
"Соңғы мәлімет бойынша, жұқтырғандар саны 1048 адамнан асты, ал 260 адам инфекциядан қайтыс болды", – деп атап өтті.
Вирустың індет ошағынан тыс жерлерге таралу ықтималдығы төмен болғанына қарамастан, бірқатар ел әуежайлар мен басқа да шекара бекеттерінде санитариялық бақылауды күшейтті.
