Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын елінің «антиимпериалистік, антиамерикалық күресте» жеңіске жететініне сенімді екенін айтты – деп хабарлайды Аikyn.kz
Бұл мәлімдеме Корей соғысындағы бітімнің жылдығына орай жасалды, -деп хабарлады КХДР-дың мемлекеттік KCNA агенттігі.
Ким Чен Ын әскери музейге сапары кезінде: «Біздің мемлекет пен халқымыз қуатты армиясы бар гүлденген ел құрып, бұл күресте абыроймен жеңіске жетеді», – деді.
Солтүстік Корея тарапынан мұндай мәлімдемелер АҚШ-пен ұзаққа созылған саяси және әскери шиеленістің жалғасып жатқанын көрсетеді.