Келесі аптада БҰҰ жиынында араб елдері алғаш рет ХАМАС-ты ресми айыптап, оның қарусыздануын талап етпек, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Reuters мәліметінше, бұл қадам Еуропа елдерінің Палестина мемлекетін мойындауына жол ашу үшін жасалып отыр деп, Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барроның сөзін келтіреді.
Еске сала кетейік, Франция 21 қыркүйекте Палестинаны ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді. Сауд Арабиясымен бірлескен жоспар бойынша, соғыстан кейінгі қауіпсіздік пен басқаруға қатысты жол картасы ұсынылады.
Еурокомиссия Израильден Батыс жағалауда қоныс салуды және гуманитарлық көмекке әскери бақылауды тоқтатуды талап етпек.