in

Арараттағы мұздық қарқынды еріп жатыр

Түркияның ең биік нүктесі — 5137 метрлік Арарат тауы климаттың жылынуынан мұздықтарын жоғалтып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, тау шыңындағы ең үлкен мұздық Скул — 2050 жылға қарай шамамен 50 пайызға кемуі мүмкін. Бұл жайлы TRThaber жазады.

Игдыр университетінің доценті, география ғылымдарының кандидаты Мехмет Али Челик мұздықтардың өткен ғасырда әлдеқайда ауқымды болғанын, бірақ қазір олардың көлемі 4,5–5 шаршы шақырымға дейін қысқарғанын айтады. Оның сөзінше, жылдам еру экожүйе тепе-теңдігін бұзып, табиғи апат қаупін арттырады.

Скул мен Шамп мұздықтарының жалпы аумағы шамамен 8 шаршы шақырымды құрайды, бірақ алдағы жылдары бұл көрсеткіш едәуір азаяды деп болжануда. Қазір мұздықтар негізінен Арараттың солтүстік және солтүстік-батыс беткейлерінде ғана сақталған.