in

Арменияда архиепископ билікті құлатуға шақырды деген айыппен қамауға алынды

Арменияда Ширак аймағының архиепископы Микаэл Ажапахян билікті құлатуға шақырды деген күдікпен қамауға алынды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, қауіпсіздік күштері оны ұстауға әрекеттенгенде, шіркеу жақтастары қарсылық білдірген. Кейін архиепископ тергеу органына өз еркімен барған.

Бұл оқиға елдегі шіркеу мен билік арасындағы шиеленістің күшейіп отырғанын көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз