in

Атлант мұхитында дауыл көтеріліп келеді

Бұл туралы АҚШ-тың желдерді бақылау орталығы  мәлімдеді.

Атлант мұхитында дүлей дауыл көтеріле бастады. Оның екпіні ең қауіпті деңгейге жеткен. Дауылдың эпицентрі Ангилья аралынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 193 шақырым жерде орналасқан. Дүлей желдің жылдамдығы сағатына 233 шақырымға дейін жетеді.

Ауа райын болжаушылар ол құрлыққа соқса жауын селдетіп, арты алапат тасқынға ұласуы мүмкін деп отыр.

Мұхит маңындағы аймақтарда, соның ішінде АҚШ-тағы Солтүстік Каролинада қауіптің жоғары деңгейі жарияланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.