Портал мәліметінше, Ұлыбритания королінің денсаулығы күрт нашарлап, Норфолктегі үйінде әрең қозғалып жүр.
“Король ауыр, бірақ үмітсіз дертпен күресіп жүр. Бұл – оның өміріндегі қайғылы кезең. Дегенмен ол бәріне “бар күшіммен шыдап, жігерімді жоғалтпауға тырысып жүрмін” дейді”, – деп жазылған ақпаратта.
Былтыр ІІІ Чарльзға қуықасты безіндегі онкологиялық дертке байланысты ота жасалған. Ал ақпанда Букингем сарайы ресми түрде диагнозды растаған болатын. Қоғамдық іс-шаралары азайғанына қарамастан, монарх мемлекет басшысы ретіндегі міндетін атқарып келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.