Дональд Трамп шетелде түсірілетін барлық кинотуындыға 100% баж салығын енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, өзге елдер тарапынан ұсыныстың артуы себепті АҚШ киноиндустриясы қиын жағдайға түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Голливуд сияқты кино түсіретін алаңдар қаңырап бос жатыр. Әзірге бастама бойынша қандай туындылардың тізімге ілігетіні белгісіз. FilmLA ұйымының мәліметіне сәйкес, кейінгі 10 жылдықта Лос-Анджелесте фильм өндірісі 40% төмендеген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.