Түркияның Амасиясында ұзындығы 2 метр 20 сантиметр, салмағы 78 келі болатын жайын балығы ұсталды.
Зиярет кенті маңында үш досымен бірге ауға шыққан балықшы Аслан Эфтелиоғлу ірі балықты шамамен екі сағат бойы ұстап, зорға жағаға шығарғанын айтты.
– Жайынды Зиярет кентінде ұстадық. Балықтың ұзындығы – 2 метр 20 сантиметр, салмағы – 78 келі. Бөліктерге бөліп, тұрғындарға ұсынамыз, – деді ол.
Ауланған балық қазір қала орталығындағы балық дүкеніне қойылып, көрген тұрғындар суретке түсіп жатыр.