2024-2025 жылғы маусым аяқталысымен Еуропаның бірнеше ірі футбол клубтары бас бапкерлерін ауыстырды. Аikyn.kz назарларыңызға осы өзгерістердің негізгілерін ұсынады.
«Реал Мадрид» клубы сәтсіз маусымнан кейін бас бапкері Карло Анчелоттимен қоштасты. Оның орнына бұрынғы ойыншы және «Байер Леверкузеннің» бапкері болған Хаби Алонсо тағайындалды. Ал Анчелотти Бразилия ұлттық құрамасының тізгінін ұстады.
«Байер Леверкузен» тізгінін енді бұрынғы «Манчестер Юнайтед» бапкері, 55 жастағы нидерландтық Эрик тен Хаг ұстайды. Ол клубтағы орнын Хаби Алонсоның кетуінен кейін алды.
«Милан» Серия А-ны 8-орында аяқтап, Сержио Консейсаомен қош айтысты. Оның орнына команданы 2010-2014 жылдары да басқарған Массимилиано Аллегри қайта оралды.
«Аякс» клубы Франческо Фариолимен келісімшартты үзді. Оның орнына 41 жастағы Джон Хейтинга келді. Хейтинга бұған дейін «Ливерпульдің» жаттықтырушылар штабы құрамында жұмыс істеген.
Арда Тұран түркиялық «Эюпспордың» бұрынғы бапкері, енді Украинадағы «Шахтер Донецк» командасының техникалық директоры атанды. Ол бұл қызметке голландиялық Марино Пусичтің орнына келді. Тұран 2 жылдық келісімшартқа қол қойды.
«Аталанта» командасы бас бапкер Джан Пьеро Гасперинимен қоштасып, оның орнына Иван Юричті тағайындады.
«Рома» клубы Джан Пьеро Гасперинимен 3 жылдық келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады.
«Тоттенхэм» ағылшындық командасының бас бапкері Анже Постекоглу қызметінен босатылды. Оның орнына кім келетіні әзірге белгісіз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз