in

Зеленский Ватиканда жаңа Рим Папасымен кездесті

Украина президенті Владимир Зеленский Ватиканда өткен жаңа Рим Папасы Лев XIV- нің интронизациясына қатысып, салтанатты месса кезінде АҚШ вице- президенті Джей Ди Вэнс және Мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен кездесті , – деп хабарлайды  Аikyn.kz Сонымен қатар, Зеленский мен жұбайы Елена Зеленская жаңа понтификпен жеке кездескен.

BBC мәліметінше , ж аңа Папа месса кезінде Украинадағы соғысқа алаңдаушылық білдіріп, ” азап шеккен Украина әділ және берік бейбіт келіссөздің басталуын күтуде” деді. Зеленский Папаға алғыс айтып, оны ” ерекше миссияның басталуымен” құттықтады.

Кейін Зеленский АҚШ- тың жоғары лауазымды өкілдерімен де жеке кездесу өткізіп, Стамбулдағы келіссөздер нәтижесі туралы айтып берді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз