in

Зеленский Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялаған Путиннің мәлімдемесіне жауап берді

Украина президенті Владимир Зеленский Пасха мерекесіне орай бітім жариялауға дайын екенін растады, деп хабарлайды УНИАН порталына сілтеме жасаған astana24.com.

Бұл туралы Украина президенті өзінің Telegram-дағы арнасында мәлімдеген.

"Украина өзара қадам жасауға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Біз биыл Пасха мерекесі кезінде атысты тоқтатуды ұсындық және соған сәйкес әрекет етеміз", – деп жазды ол.

Украина басшысы адамдарға қауіп-қатерден азат Пасха және бейбітшілікке қарай шынайы қадам қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар Зеленский Ресейдің Пасха мерекесінен кейін қайта соққы жасамауға мүмкіндігі бар екенін айтты.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай 11 сәуір сағат 16:00-ден бастап 12 сәуір күннің соңына дейін дейін бітім жариялаған болатын.