in

Зеленский Путинмен кездесуге қойылатын шартын Макронға айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге қатысты басты шартын жеткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Зеленскийдің айтуынша, егер кездесу өтетін болса, онда Еуропа елдерінің өкілдері міндетті түрде қатысуы тиіс.

УНИАН сайтының мәліметінше, Украина Ресейге тамыз айының соңына дейін жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынған және қазір жауапты күтуде.

Сондай-ақ  әңгіме барысында Зеленский Ыстамбұлда өткен Украина-Ресей келіссөздерінің үшінші раунды мен соғыс тұтқындарын алмастыру жөніндегі жаңа келісім туралы баяндады.

Президенттер қосымша әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, атап айтқанда SAMP/T және Crotale кешендеріне арналған зымырандармен жабдықтау мәселесін де талқылады.

Сонымен қатар  украиналық дрон өндірісін қаржыландыру, Mirage ұшақтарында украиналық ұшқыштарды оқыту және Украинаның Еуроодаққа интеграция жолы күн тәртібінде болды. Франция бұл бастамаларға қолдау білдіруге дайын екенін растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз