in

Израильде тұрғындар наразылық шеруіне шықты

Олар Израиль билігінен Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап етті.

Сондай-ақ ХАМАС ұстап отырған тұтқындарды қайтару туралы келісім жасасуды өтінді.

Қазір Газа секторында 55 тұтқын қалды. Израиль олардың жартысынан көбі қаза тапқан деп мәлімдеді. Айта кетейік, мұндай шерулер Израильде әр апта сайын өтеді. Бірақ биліктегілер халық үніне құлақ аспай отыр. Керісінше Газа секторындағы жағдай ушығып барады. Кейінгі шабуыл салдарынан Газада 70 адам қаза тапты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.