in

Израиль Иран мемлекеттік телеарнасының кеңсесіне соққы жасады

Израиль Иран мемлекеттік телеарнасының кеңсесіне соққы жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Шабуыл дәл тікелей эфир кезінде болды.

16 маусымда Израиль Қорғаныс күштері Иранның мемлекеттік телеарнасының басты ғимаратына әуе шабуылын жасады. 

Салдарынан ғимарат зақымданып, студияда түтін пайда болды. Ал эфир тікелей көрсетілім кезінде үзіліп қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.