Израиль мен Иранның бір-біріне әуе соққысы тыйылар емес. Салдарынан қаза тапқандар қарасы артып барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Иран Ислам Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еврей армиясының шабуылынан 585 адам бақилық болды. Тағы 1 300-ден аса тұрғын жараланды.
Ал Иранның қарымта әскери операциясынан Израильде 24 адам көз жұмды. Сондай-ақ 1 300-ден астамы жараланды.
Айта кетейік, Таяу Шығыстағы қарқынды шиеленіскен жағдайда Қазақстан Республикасы өз азаматтарын Иран Ислам Республикасының аумағынан эвакуациялауды жедел ұйымдастырып, 109 қазақстандық елге оралды.